008

«Жаңарған Жамбылдан – асқақтаған Астанаға!» мәдени шарасынан қалмаңыз

12-13 шілде күндері Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай  «Жаңарған Жамбылдан – асқақтаған Астанаға!» атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өтетін іс-шаралар өтеді. Мәдени шараны Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары тамашалап, рухани қажеттілгін сусындата алады.

Бағдарламада спектакльдер мен қойылымдар, қасиетті Әулиеатаның өнер шеберлерінің мерекелік гала-концерті, көрермендер үшін көне Тараздан тарту ретінде естелік сыйлықтарға ұтыс билеттері ойнатылады деп күтілуде.

Барлық іс-шараларға кіру тегін. Осылайша мыңжылдықтар мұрасын арқалаған көне қаланың ыстық сәлемін өңірдің өнер шеберлері Астанаға жеткізетін болады. Шараны ұйымдастырушылар баршаңызды асыға күтеді. Әсерлі кештен қапы қалмаңыздар!

Пікірлер

пікір