008

Елбасы Асқар Мырзахметовке алғыс айтты

Астана қаласының дамуына үлес қосқан Жамбыл облысы елордамазға айшықты велосипед жолағын салып беріп, мерейтой қарсаңында ерекше сый жасағаны белгілі. Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана тұрғындарына айрықша сый жасап, қуаныш сыйлаған Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов пен жабылдықтарға ризашылығын білдіріп хат жолдады. Елбасының ақтарылы алғыс айтқан хаты Жамбыл облысы тұрғындарының жігерлендіре түскенін айта кетуіміз керек.   

Жамбыл облысының әкімі

А. Мырзахметовке

Құрметті Асқар Исабекұлы!

Сізді және бүкіл Жамбыл облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Жамбыл облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын және толықтай жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады.

Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғыңдарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президенті.

Пікірлер

пікір