Кәсіпкер Сергей Кан су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1,5 миллиард теңге аударады

Dalanews 22 сәу. 2024 18:07 2046

Қаражат шұғыл көмек көрсетуге, сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан зақымданған әрі қираған тұрғын үй инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге және тұрғын үй салу шараларын жүргізуге бағытталады. 

"Бүкіл Қазақстан су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы жағдай жақсаруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Бірқатар елді мекенде құтқарушылармен, әскерилермен, еріктілермен, қоғам белсенділерімен бірге біздің серіктестіктердің жедел бригадалары тәулік бойы қызмет көрсетеді. Техникалық көмектен бөлек, Мемлекет басшысының үндеуін қолдап, су тасқынының зардаптарымен күресу үшін қаражат жібереміз. Біз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған және үйлері зардап шеккен азаматтарға шын жүректен жанашырлық танытамыз", - деді Сергей Кан.


Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 3 мыңға жуық үй су астында қалғаны хабарланды. Бұл - Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген дерек. Су тасқының салдарын жоюға 231 техника, 1198 жеке құрам, 18 жүзу құралы, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылған. Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15і - бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x