Түркістандағы "Парасат" саябағына 100 дана арша егілді

Жарбол Кентұлы 25 сәу. 2024 10:47 1460

"Таза Қазақстан" акциясының "Жасыл өлке" апталығында түркістандық ардагерлер “Парасат” саябағында жиналып, ағаш отырғызды. Енді мұнда бозаршалар тізілген аллея бар, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға қалалық "Ардагерлер алқасының" мүшелері мен жастар қатысты. Акцияны қолдауға келген азаматтар бірігіп, 100 дана арша көшетін егіп, түркістандықтарды акцияға белсене қатысуға шақырды.

Жалпы, арша ағашы туралы не білеміз? Мамандардың мәлімдеуінше, арша бөлетін фитоноцидтер ауаны тазалайды. Жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен.

Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар