Қазақстанда бір айда жемқорлар 18 млрд теңгені "жеп қойған"

Сағыныш Сардарова 04 февр. 2026 09:22

ҰҚК жыл басынан бері 126 дерек тіркелгенін, оның ішінде 110-ы сыбайлас жемқорлық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дерекке сүйенсек, оның басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.

"89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) - 18 млрд теңге", - деді ҰҚК өкілдері.

Бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove