Cоңғы жаңалықтар
Back

Астанада «қызметтестер хикаясы» қызып тұр

Жақында әлеуметтік зерттеу жүргізген мамандар Қазақстан бірге жұмыс істейтін әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталатынын алға тартты. Қызметтер арасында махаббат хикаясы жағынан Астана қаласы көш бастап тұрғаны мәлім болды. Бұл жөнінде Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, кеңседе қызмет ететін қыз-келіншектердің 40 пайызы жұмыс орнында өзінің екінші жартысын табуға тырысады екен. Олар арманындағы жігітке қол жеткізу үшін, күні бойы боянып-сыланып қана қоймай, өз жұмысынан бас тартуға да дайын екен.  Неге?

Өйткені, кеңседе олардың өмірінің тең жартысы өтетіні белгілі. Сыртқа шығып, шарқ ұрып сүйіктісін іздеуге уақыттары жоқ.

Сондықтан Астанадағы кеңседе істейтін бойжеткендер тамағы мен косметикасы, керек десеңіз жастығын да өзімен бірге алып жүреді екен.

Осылайша шенеуніктер қаласы саналатын Астана әріптестер хикаясынан көш бастап тұр. Мұнда әрбір үшінші қызметкер жұмысында міндетті түрде біреумен көңіл жарастыруды әдетке айналдырған. Алайда, қызметтестер романына қалай қарайсыз деген сұраққа, депутаттар ат тондарын алақашып, жауап беруден қашқақтапты.  

Әлеуметтанушылар, қызметтік роман жиі кездесетін мекемелерді де анықтапты. Зерттеу нәтижесі бойынша топ-менеджерлер, маркетологтар, мәдениет саласы мен туристік бизнесте қызмет көрсететін қызметкерлердің жартысы бір-бірімен жиі көңіл қосатыны мәлім болды. Оны танымал әнші Баян Нұрмышева да растады. Оның айтуынша, ол өз махаббатын дәл осы сахнада тапқан.

– О баста бір-бірімізді жиі көріп, концерттік бағдарламаларда көп жолығатын болдық. Тіпті, гастрольдік сарапаларға да бірге шығатынбыз, – дейді әнші.

Жұмыс барысында көңіл жарастыруға қатысты психолог мамандардың пікірі екіге жарылғанын айта кетуіміз керек. Бірі жұмыста пайда болған флирт еңбек өнімділігін арттырады десе,  екінші тарап қызмет пен махаббаты мүлдем араластыруға болмайтынын айтуда.

Әріптестер арасындағы махаббат хикасының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталатынын да айта кетуміз керек. Ал 19 пайызы мансап қуып, бастықтарымен бірге болғанды қаласа, 22%-ы шын махаббатпен қосылады екен. Ал 23%-ы жай көңіл көтеру үшін жүретңн болса керек. Ал сауланмаға қатысқандардың 17%-ы қызметтік романдарын жасырын ұстауға тырсса, 19%-ы қатал түрде субординация сақтайтындарын алға тартыпты.

 

https://dalanews.kz/17528