Әкім-қара қолына күрек алып, резіңке етік кигеннен ештеңе өзгермейді - саясаткер

Сағыныш Сардарова 30 сәу. 2024 12:40 7334

Лауазымды қызметтер атқарған мемлекет қайраткері, Шымкенттің экс-әкімі Амалбек Тшан қазіргі төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Амал Тшанның сөзінше, қазір көп шенеунік көзбояушылықпен айналысып жүр.

"Бұрынғы Елбасыға көп қарсы әңгіме айтатын адам емеспін. Ол кісінің қарамағында жұмыс істедім. Бірақ өз өмір жолым бар. Басқалардың өз өмір жолы бар. Бірақ соның отбасының алған миллиардтарының бәрі көрініп отыр ғой. Неге шара қолданбайды?! Қазір су тасқыны болып жатыр. Қабырғасынан күн көріп отырған халық тиын-тебендерін жинап, біреуге жаны ашып отыр.

Популистік нәрсе ғой бізде. Кеше бір министр, атын айтпай-ақ қояйын, тоғанды тоқтатуға араласып жүр. Соны теледидарға түсіріп көрсетіп жатыр. Бұл - ақымақтық әңгіме. Министрдің жұмысы ұйымдастырсын соны. Министр, әкім - ұйымдастырушы. Ол қолына күрек, етік алып жүргеннен өзгеріп қалатын ештеңе жоқ. Оның бәрі - әшейін көзбояушылық. Әкімдеріміз халықпен кездесуге қорқады", - деді ол.

Өңірлердегі су тасқынынан кейін әлеуметтік желілерде "Ескі Қазақстанның ұраны" қылаң берді. Тіпті "шал кел" деген сөздер де айтыла бастады. Амалбек Тшан бұған қатысты көзқарасын айтты.

"Назарбаевтың бір сөзі бар: "Әлі көресіңдер, еще хуже будет". Өзіне орынбасар (етіп - еск.) қалдырған Тоқаев туралы айтты ма, жоқ барлық жүйені өзіне бағындырып, халықтың бәрін жалаңаш қылып кеткені туралы айтты ма?! Әйтеуір айтты ғой. ...Келуі (Ескі Қазақстанның келуі - еск.) толық мүмкін. Себебі Ескі Қазақстандағылардың бәрінің қаражаты көп. Бәрі бай, миллиардтардың бәрі солардың қалтасында", - дейді мемлекет қайраткері.

Сонымен қатар, ол сайлау жүйесіндегі олқылықтар туралы да пікір білдірді. 

"Таза реформа қалай болуы керек?! Ең бірінші реформа жасау үшін сайлау заңы өзгеруі керек. Сайлау заңында халық әрбір үтір, нүктені көріп отыруы керек. Кімде-кім сайлау заңын бұзса, халық жауы деп ату керек. Халыққа қастандық жасаған адам деп.

Сайлау заңының солай болмағандығының арқасында халықтың бейшара болып отырғаны. ...Кезінде 4 рет депутат болдым ғой. Жұрт барып бір қап ұн апарып, 1-2 келі қант, 1 келі шай апарып беріп, дауыс алды. Сонда дауыс берген халық қой. Ол жамандықтан берген жоқ, оның жағдайы жоқ", - деді саясаткер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар