АҚШ-та алғашқы қазақ балабақшасы ашылды

Көркем Алдабергенова 04 мам. 2024 11:53 3096

АҚШ-тың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Timesca.com-ға сілтеп.

Білім беру орталығының негізгі мақсаты - шетелде ұлттық мәдениетті сақтау бойынша жұмысты жаңғырту.

Қазақ балабақшасын ашқан Жанна Атабекованың сөзінше, жаңа мектептің арқасында Кремний алқабында жұмыс істейтін қазақстандықтар балаларына қазақша құндылықтарды дәріптеп, тәрбиелей алады.

"Біздің балаларымыз да ата-әженің тәрбиесімен өскенін қалаймыз. Бұл балабақша тілімізді сақтауда маңызды", - дейді ата-аналар.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынын айтқан еді.

"Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қарым-қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.

Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады", – деген еді президент.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар