Бишімбаев ісінде күтпеген куәгер келді

Көркем Алдабергенова 23 сәу. 2024 17:29 4345

Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен сөйлескен блогер Гүлнара Насырбекова сотта сөз сөйлеп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, Бишімбаев екеуі гольф клубтың мүшесі екен. 

"Бишімбаев 3 қарашада мені гольф ойнауға шақырды. (...) Бірақ 8 қарашада кездесеміз деп шештік. Артынша 9 қарашада кездесеміз деп шештік. Мен кешке құрбыларыммен моншаға баратындықтан, 9 қарашада түстен кездесеміз дедік", - дейді Гүлнара Насырбекова. 

Артынша Гүлнара таксиге тапсырыс беріп, BAU мейрамханасына келген. 

"Орталық есік жабық тұрды. Хабарластым, ол (Бишімбаев) асхана жақтан шығып, вип-бөлме жаққа апарды. Бастапқыда турнир туралы сөйлесе бастадық. Менің блогым, жарнама туралы сұрай бастады. Негізі жарнама жасамайтынмын. Менің қызым бар, оның өзінің блогы бар. "Біз қызыңызбен жұмыс істеп көрсек" деді. Мұны естіп біртүрлі болып қалдым", - дейді блогер. 

Оның сөзінше, олар әңгімелесіп отырған кезде Бишімбаев бірнеше рет сыртқа шығып келген.

Айта кетейік, Бишімбаев Насырбековамен Салтанат вип-бөлмеде жатқан кезінде кездескен. Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов 2023 жылы сұхбаттарының бірінде Бишімбаев қылмысты жасырып қалуға тырысқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, Бишімбаев мейрамханаға Салтанатқа ұқсайтын әйелді - Гүлнара Насырбекованы әдейі әкелген. Жәбірленуші тарап, Бишімбаев Насырбековаға Салтанаттың киімдерін кигізіп, әшекейлерін тағып, мейрамханадағы бейнебақылау камераларына түсіріп, BAU мейрамханасынан шығып кетуіне көндірмек болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x