Бишімбаевтың қорғаушылары Байжановқа тіл тигізді

Көркем Алдабергенова 11 сәу. 2024 15:27 4363

Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Бақытжан Байжановқа тіл тигізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Байжанов сот отырысында адвокатының сұрақтарына жауап бергеннен кейін Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова "арсыздар" деп айтқандай болған. 

Мұны Бақытжан Байжановтың адвокаты байқап, судьяға ескерту жасауды сұрады. Судья да Құсайынова "арсыздар" деп айтқанын байқап қалған. 

Осы сәтте Құсайынова орнынан атып тұрып "бұл мен емес" деп ақтала түсті. 

Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Байжанов мәлімдеме жасаған болатын. Байжанов қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы бірнеше рет көргенін айтты. Ол Салтанат мейрамханаға бұрын да жиі келгенін айтады.

Байжанов гастроорталықта 2022 жылдан бері директор қызметін атқарған.

Сонымен қатар,Байжанов "Бишімбаев ісіне" қатысты тың деректер айтты.  

Бұған дейін сот отырысында Бақытжан Байжановтың адвокаты сотқа өтініш жасаған болатын. Оның сөзінше, Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғысы келетінін айтты.

"Бишімбаевты Байжановтан алыс отырғызу қажет. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатыр деп санайды. Олардың арасында кикілжің болып жатыр. Тым құрығанда ертеңгі отырыста Қуандықтан аулақ отырса болар еді", - деді Байжановтың адвокаты.

Кейін мұны Бишімбаевтың інісі Байжановтың өзі де растады.

"Ол маған жауап беру кезінде "былай айт, былай айт" деп қысым көрсетіп жатыр", - деді Байжанов.

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айтып тағылған:

  • 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
  • 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар