Ескі Қазақстан өкілдері дуа жасады, қара магиямен айналысты - сарапшы

Сағыныш Сардарова 05 сәу. 2024 12:47 11478

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаевтың сөзінше, Қуандық Бишімбаевтың сотта экстрасенстер туралы айтқаны қазақстандық шенеуніктердің қандай екенін көрсетіп берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Саясаттанушы Сәтбаев Бишімбаевтың экстрасенстер туралы әңгімесі Оңтүстік Кореяның үшінші президенті Пак Кын Хе түрмеде болған кездегі оқиғаны еске түсіретінін жеткізді.

"Ол сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталды. Сонымен қатар, кейін сыртқы және ішкі саясат туралы ақымақ шешімдерін көбіне көріпкелдермен, бақсылармен және балгерлермен кеңесіп қабылдағаны белгілі болды. Солардың бірі оның ең жақын досы да болған", - деп жазды Сәтбаев.

Осы істері үшін Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға бас бостандығынан айрылып, сыбайлас жемқорлық, парақорлық және бопсалау үшін 16,8 миллион доллар айыппұл төлеген. Ол біреуді өлтірсе, 1997 жылдан бері қолданылмаса да, күші жойылмаған өлім жазасына кесілуі мүмкін еді.

"Бірақ Бишімбаев сияқты адамдар да сол секілді елді басқаруға тырысты. Тұңғыш президенттің тұсында сол сияқтылар елдің кадрлық резервін жаңа саяси "элита" ретінде белсенді түрде пиар жасады.

Бюджет есебінен шетелде оқытты. Біреуіне лауазым берді, біреуіне медаль тақты. Ал олар кабинеттерінде өздерін Құдай санап отырды", - деді саясаттанушы.

Сонымен қатар, Сәтбаев мұндай типтегі адамдар біреулерге қажет болғанын, өйткені олар ар-ұятсыз, намыссыз екенін жеткізді. Яғни бір жағынан қарасаң, білімі бар секілді, бірақ адами құндылықтары жоқ.

"Шамасы, құралдары жақсы болды. Дуа жасады. Қара магиямен айналысты. Көріпкелдердің тізімін жасады. Тағы қанша адам дипломдарымен, жалған интеллектуалды тұлғаларымен осылай шенеунік кабинеттерінің тасасында қалып қойды? Бірақ олардың жүректері таза емес. ...Кейбіреулері әлеуметтік жағынан төмен кез келген адамды қорлауға, балағаттауға дайын", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың сотында бірнеше рет экстрасенстер тақырыбы көтерілді. Алғашында жәбірленуші тарап өкілі Бишімбаев Нүкенованы экстрасенстерге мәжбүрлі түрде апарғанын мәлімдеді.

"Менің білуімше, Қуандық үнемі балгерлерге, экстрасентерге барып жүрген. Салтанатпен кездескенге дейін де қандай да бір сұрақтармен жүгініп отырған. Балгер "иә, сендерде бәрі жақсы болады, ол сені жақсы көріп қалады" деген. Маған айтқан күні Салтанатты ала барған... Салтанат та Бишімбаев әртүрлі сұрақпен балгерлерге жиі жүгінгенін айтты", - деді Айтбек Амангелді.

Кейін Бишімбаевтың өзі де Салтанат қиналып жатқанда жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқанын айтты.

"Ұйықтап қалдық, сағат 13:30-да оны оята бастадым. Ол оянған жоқ. Сол жақ бетінде көгерген үлкен із бары және мұрны ісігені байқалды. Мен қатты уайымдап кеттім. Таныс балгерге қоңырау шалдым. Оған оянғанбағанын, көгерген жерін айттым. Ол 10 минуттан кейін қайта қоңырау шалуымды өтінді. Мен қайта қоңырау шалдым, ол "жай ғана шаршаған" деді. Менің жүрегім орнына түсті", - деді айыпталушы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар