Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы сотта оның көзі көгерген суретін көрсетті

Сағыныш Сардарова 29 нау. 2024 11:08 6700

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта қарындасының соққыға жығылған суретін көрсетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы жәбірленуші тараптан жауап алудан басталды. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта сөз сөйледі.

"Салтанатты 8 наурызда құттықтауға барғанда көрдім. Түс уақытында барған едім. Оған бір құшақ гүл сыйладым. Ол үйде еді. Оның бет-әлпеті қатты шаршаңқы көрініп тұрды, көзінің асты қарайып кеткен. "Салтанат, неге шаршап тұрсың?" дедім. "Қуандық түнімен ұйқы бермеді, түнімен сөйлесіп шықтық, ал таң атпастан балгерге баруға мәжбүрледі" деді", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол бірнеше күннен кейін қарындасы соққыға жығылған суретін жібергенін жеткізді.

"20 наурызда жұмыстағы қызметкерлер үшін тимбилдинг ұйымдастырдық. Сол күні үйге 12-лерде келдім. Телефоныма көп қоңырау мен хат келген.

Телефонымды ашсам, мына суретті көрдім. Мен бұл суреттерді Салтанаттан алдым. Оны кешкі 22.00 шамасында жіберді... Бұл суреттерде соққының іздері көрініп тұр. Менің ойымша, бетінен жұдырықпен ұрған.

Салтанат үшін, оның жағдайы үшін қорықтым. Оған бірден хабарластым. Түн уақыты еді, телефонын алмады. Уайымдап, Қуандыққа хабарластым, Қуандық алды", - деді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелдінің сөзінше, Қуандықтан мән-жайды сұрағанда, үйіне сөйлесуге шақырған. Ал кейін Қуандық бұл отбасылық мәселелері екенін, Салтанат қайда екенін білмейтінін айтқан.

Марқұмның ағасының сөзінше, Салтанат отбасын сақтап қалуға тырысқан.

ған заттарыңды жина, кетеміз, үйге барамыз, мұның саған қажеті қанша?" дедім. Ол ересек адам екенін, бұл өзінің өмірі, отбасы екенін, мінсіз болмаса да отбасын сақтауға тырысатынын және Қуандықты жақсы көретінін айтты. "Мен оған "түсініп тұрсың ба, мынадай соққымен сені өлтіріп тынады" дедім. Ол қалатынын айтты", - деді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалды. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Кейін Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x