Назарбаев Құлыбаевты тыңдап, Алматы әуежайын қалай талқандаған?

Көркем Алдабергенова 08 сәу. 2024 10:22 5190

Белгілі PR-маман Қуат Домбай экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы әуежайына қатысты жасаған былығы туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қуат Домбайдың сөзінше, кезінде шетелдік компаниядан Алматы әуежайын кеңейту туралы жақсы ұсыныс түскен.

«Қазақстанның жаңа тарихында Назарбаев Алматыда неге метро салғысы келмегені және бекеттердің құрылысын неге 20 жылға созылғаны, қаланың шекарасын неге созғысы келмегені, Шаңырақтың 70 мыңға жуық тұрғынын әлеуметтік қамтамасыз етуден айырып, Республика алаңындағы тарихи трибуналарды бұзғаны (олардың орнына сауда орталығын салып) жазыла жатар... Алматы әуежайы туралы қысқаша әңгіме айтып берейін.

2014 жылы (2016 жыл болуы мүмкін, нақты есімде жоқ) президент Назарбаевқа екі әлемдік ірі компания – Гонконг және Куала-Лумпур әуежайының иелері келіп, Алматыда жаңа әуежай салуды ұсынған болатын. Ол үшін 1 миллиард доллар (!) инвестиция құйылмақ болған. Шетелдік компания әуежай құрылысын толық өз мойнына алмақ болған (бюджеттен бір тиын да алмай). Айырбасқа 10 немесе 20 жыл әуежай операторы болуды ұсынған. Есесіне елімізде 30 мың адамды жұмыспен қамти алатын, Франкфурт деңгейіндегі жаңа әуежай болар еді», - дейді Қуат Домбай.

Бірақ бір нюанс болған.

«Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі ескі әуежайды не істеу керек деген сұрақ туындаған. Ол (Тимур Құлыбаев) селк ете түскендей» күйге түсіп, ескі әуежайда жаңа терминал құрылысын бастайтынын айтып, инвесторлардың көзін құртады. Ал кейіннен Алматы әуежайын кеңейту бойынша басқа ұсыныстарды мүлде қарастырмаған.

Назарбаев биліктен кеткеннен кейін, Қаңтардан кейін бір нәрсе болатынын сезген ол (Құлыбаев) ескі әуежайды түріктерге беріп жіберген.

Енді ескі әуежайда түріктер жаңа терминал салып жатыр, ал ол Гонконг және малайзиялықтар ұсынған жобаның шаңына да ілесе алмайды. Осындай оқиға болған, президентке берілген хаттың көшірмесін өз көзіммен көргенмін», - дейді Қуат Домбай.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар