Олимпиадаға дайындық ойдағыдай емес: Маржықпаев депутаттарға мұңын шақты

Азамат Қойшығара 18 сәу. 2024 14:07 1488

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасына әзірлік барысы мәз емес екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Байрақты бәсекеге ұтып алынған лицензияның саны да жылдағыдан аз болып тұр.

«Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы спорттың 18-20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Осы тұста айта кету керек, биыл Олимпиадаға арнайы қаражат қаралған жоқ. Былтырғы қаражатпен шығып жатырмыз», - деді жауапты шенеунік.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан құрамасының қолында қазір спорттың 13 түрі бойынша 33 лицензия ғана бар.

«Бізден бәрі қанша жүлде алатынымызды сұрайды. Шынын айтқанда, жағдайымыз аса мәз деуге келмейді. Өйткені Токио Олимпиадасының алдында бізде 45 лицензия болған. Биылғы жұмыстарымыз осындай болып тұр.

Ұлттық құрама Олимпиадаға дейін тағы 40-тан астам лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысады. Қолдан келгенше, лицензияның санын арттыруға күш саламыз», - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x