Полицейге пара бермек болған қазақстандық қолға түсті

Қаракөз Амантай 16 сәу. 2024 09:59 1083

Көкшетау тұрғыны жезөкшелікпен айналысатын орын ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартпаған полицейге  пара бермек болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша, 44 жастағы С-ны ақша беріп жатқан жерінде ұстады", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, пара беру және жезөкшелік, сутенерлікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау дерегі бойынша соталды тергеу басталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x