"Қуандық Салтаны өлтірді" - Нүкенованың сіңлісі қаралы хабарды қалай естігенін айтты

Көркем Алдабергенова 08 сәу. 2024 15:51 4376

Салтанат Нүкенованың сіңлісі сотта куәгер болып, Нүкенованың өлімі туралы хабарды қалай естігенін айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ол кезде душта едім. Нақтылау үшін айта салайын, басым су болып тұр. Ұлым душқа атып кіріп, телефоныма тоқтаусыз қоңырау түсіп жатқанын айтты.

Бақытжан (Байжанов) "неге тұтқаны көтермей жатырсың? Салтанат қайтыс болды" деді. Мен, әрине, сенбедім. Тағы біреу хабарласып "Айнұр, иманды болсын" дейді. Айтым (Нүкенованың ағасы) хабарласып "BAU-ға келші" деді. Су басыммен көлікке отырдым, күйеуім "Қуандық Салтаны өлтірді" деді. Мен сенбедім", - дейді Салтанаттың сіңлісі. 

Бұған дейін Бишімбаев Салтанатқа қандай дәріні не үшін бергенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар,Нүкенованың ағасы сотта Бишімбаевқа сұрақ қойды.

Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Сот отырыстарында оқиға болған кездің, дәлірек, Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген сұмдық кадрлар көрсетілді.

Ал бүгін Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді. Оның сөзінше, қайғылы оқиға болған түні жедел жәрдем шақырудың орнына хабарласқан көріпкел Шымкентте тұрады. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар