Салтанат Бишімбаевпен ажырасып кетсе өмір сүре алмайтынын айтты - Айтбек Амангелді

Көркем Алдабергенова 29 нау. 2024 11:42 2586

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасымен сөйлескен әңгімелерінің бірін сотта оқып берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл әңгіме Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевпен пәтерде төбелесіп қалғаннан кейін болған.  

"Сен ең алдымен өзіңді ойлашы. Жауап берші, сен бақыттысың ба? Мен жаққа келіп, менің үйімде тұрсаң болады. (...) Бізге сенің аман болғаның керек", - деген Айтбек. 

"Иә, мен оны жақсы көремін" - деп жауап берген Салтанат. 

"Ол сені өлтіріп тастауы мүмкін" - дейді Айтбек. 

"Мен онсыз өмір сүре алмаймын" - деген Салтанат. 

"Психологпен сөйлесші. Өзіңнің жеке психологыңмен сөйлес. Суреттерді көрсет" - дейді Айтбек. 

"Егер ажырасып кетсем өмір сүре алмаймын" - деген Салтанат. 

"Олар (психологтар) саған бұл махаббат емес екенін, бұл психикалық ауытқу екенін түсіндіреді" - дейді Айтбек. 

"Сен ештеңе білмейсің. Әуел бастан мен өзім кінәлімін. Біздің оқиғамызды білмейсің ғой" - деген Салтанат.  

"Сен оны қаншалық жақсы көрсең де мен оны өлтіремін. Саған ондай қарым-қатынас жасауына жол бермеймін" - деген Айтбек. 

"Ол менің күйеуім ғой" - деген Салтанат. 

"Сонда да бұл дұрыс емес. Ол сенің тек жігітің ғана. Сендер үйленбегенсіңдер" - дейді Айтбек. 

Айта кетейік, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев тек некелерін қидырған. Заңды некеге тұрмаған. 

Бұған дейін Айтбек Амангелді сот отырысында Қуандық пен Салтанат қалай танысып бергенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, сотта Салтанаттың ағасы қарындасының көзі көгерген кезін көрсетті. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x