Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні Бишімбаев басқа әйелдермен сөйлесіп отырған

Көркем Алдабергенова 23 сәу. 2024 12:49 1493

Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні Бишімбаев басқа әйелдермен хат алмасып отырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

WhatsApp-тағы хаттарға сәйкес, 9 қарашада Бишімбаевқа блогер Гүлнара Насырбекова жазған. 

"Сенен раушанның иісі шығады", - деп жазған Гүлнара Насырбекова. 

Сол түні Бишімбаев "Юлия супер" атты қызбен де сөйлескен. Айыпталушы ол хаттарды оқымауды, себебі ол жерде жеке әңгімелер барын айтқан. 

Алайда судья сонда да хаттарды оқып шықты. 

Сағат 19.07, Бишімбаев: Қалайсың?

Юлия супер: Бәрі жақсы, өзің қалайсың? 

19:24 Бишімбаев: Не істеп жатырсың? Боссың ба? 

Юлия супер: Кірпік жасатып жатқанмын. 

19:36 Юлия супер: "Боспын. Қаншада?"

Бишімбаев судья мен прокурорларға "Юлия супер" кім екенін ақыры түсіндірмеді. 

Бұған дейін сот отырысында Бишімбаевтың Нүкеновамен сөйлескен хаттарының скриндері оқылып еді

Сотта 2023 жылдың 15 шілдесіндегі әңгімелер оқылды. Бишімбаев бұл хаттарды скриндеп алған.  

_____

Салтанат: Жақсы, бізге бірге болуды жазбаған екен, қош бол. Ренжімеймін, бірақ енді жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, delete жасаймын. Моральдық жарымжан неме

Салтанат: Қазір есікті сындырамын, тұтқаны көтер. 

Салтанат: Мен үшін көп нәрсе істедің. Киімдерім мен әшекейлерімді жинап, бәрін сен бергеніңді түсініп отырмын. Бәрі үшін рақмет. Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті, бір-бірімізді бағалай алмадық. 

Бишімбаев: мені де кешір, бәрі жақсы. Бәрі жақсы болады. Бір-бірімізге деген құрметті, достықты жоғалтпайық. 

Салтанат: Біз кездескен кезде менде ештеңе жоқ еді. 

_____

Салтанат: Үйде жақсы, жаным жай тапты. 

Бишімбаевтан аудиоқоңырау. 

____

Салтанат: Сен Алматыда болған кезде осы жерде бола тұрайын. Қарсы емессің деп ойлаймын. Осы уақытта келіскеніміздей ойланып, дұрыс шешім қабылдайық. Бір апта айғай-шусыз демалып, тынышталғым келеді.  

Бишімбаев: Жақсы 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x