ШҚО журналистері "Таза Қазақстан" экоакциясын қолдады

Жарбол Кентұлы 18 сәу. 2024 15:07 1179

Шығыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Осы апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған және "Киелі мекен" атауымен өтуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экоакцияны Шығыс Қазақстан тұрғындары белсенді қолдауда. Бүгін журналистер, еріктілер, сондай-ақ Ұлан ауданының тұрғындары "Ақбауыр" қола дәуірінің бірегей кешенінің аумағын тазартты.

– Туған жерді таза ұстау, ең алдымен, болашақ ұрпақ үшін өте маңызды, – деп атап өтті ҚР Журналистер Одағының ШҚ облыстық филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлы. Әсіресе ішкі туризмнің драйвері болып табылатын тарихи ескерткіштерге қамқорлық жасау қажет. Аймақтың журналистері экоакцияны қуана қолдады.

Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасовтың айтуынша, акция аясында ардагерлердің қатысуымен "Ақбауыр" ескерткіші мен Бестерек ауылындағы археологиялық мұражай аумағына 50 көшет отырғызу жоспарланған.

– Акцияның кейбір қатысушылары бұған дейін "Ақбауырда" болмаған, олар үшін бұл мәдени тұрғыдан ағартушылық, – деп бөлісті мұражай маманы Максим Половцев. Олар бірегей кешеннің аумағында серуендеп, осы жердің энергиясымен зарядталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x