Сотта Салтанат Нүкенова мен құрбысының бұрын айтылмаған әңгімесі оқылды

Көркем Алдабергенова 17 сәу. 2024 16:46 2956

Сот отырысында Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина қайтадан сот залына келіп, Салтанат екеуінің диалогын оқып берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Диалогтардың бірінде Салтанат Бишімбаев ұйқы бермейтінін айтқан. 

Салтанат: Ол маған ұйқы бермейді, өзі де түнде ұйықтамайды. 

Аида: Сен ұйықтап жатқан кезде ол әрі-бері жүре ме сонда? 

Салтанат: Параноидтық ойлар көп ойлайды. Ашуланады, айғайлайды. Екі күн ұйықтамағанымды айттым. Ол маған "демек сенің маған пысқырғаның бар" дейді. Шынымды айтсам, оны аяймын. Ауру адам. Көмектесуге тырыстым. 

Аида: Әрине. 

Салтанат: Оның кінәсі жоқ та шығар, білмеймін. 

Аида: Осылай туды ма, әлде жүре келе осындай болған адам ба? 

Салтанат: Психиатриялық ауруханада жатып шығуы керек шығар. Бірақ өзімді ойлауым керек. Бала босануға қорқамын. Некемізді тіркегім келмейді. 

Еске салайық, бұған дейін де Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова мен құрбысы Аида Ахмединаның диалогын оқып шыққан болатын

Прокурор Ахмедина мен Нүкенованың 2023 жылы 19 сәуірдегі диалогын оқып шықты. Салтанат Нүкенова түнгі екі шамасында құрбысына жазып, адвокат керегін айтқан. 

Ол менің заттарымды бермейді. Жалғыз келе алмаймын, ағам немесе әкеммен баруым керек. Кез келген нәрсеге дайын болуым керек. Маған ештеңе керек емес. Тек заттарымды алып кетсем болды", - деп жазған Салтанат құрбысына. 

Аида Ахмедина қандай көмек керегін сұраған. 

"Ол мені жайдан-жай жібере салуы екіталай. Ол мені ұрған суретім бар. Ол сурет Айтымда (Салтанаттың ағасы) да бар. Бетімде сау жер қалмаған", - дейді Салтанат. 

Осы кезде Салтанат ағасы Айтым мен Бишімбаевтың төбелесіп қалған кезі туралы әңгімелеп берген. 

"Ол мені ұрған кездегі суреттер бар болғандықтан мені жібермейтінін айтты. Біз оған осы суреттермен қоқан-лоқы көрсетеміз деп ойлайды. Сол суреттерді жариялап, ақша талап етеді деп ойлайды. Мені жалаңаш видеоға түсуімді сұрады. Осылай өзіне де кепілдік жасап алмақ. Оған (Бишімбаевқа) ешкім қоқан-лоқы көрсетпеуі үшін түсіртті. "Монстрсың" дедім. Бірақ мені видеосыз жібермейтінін білдім", - дейді Салтанат.

"Сонда видео түсірдің бе?", - деп сұраған құрбысы. 

"Иә, кету үшін түсірдім. Басқа амалым болмады. Шаршап кеттім. Басқа ешкіммен араласпаймын. Менің әр қадамымды, әр хатты, әр қоңырауды бақылап отырады. Телефонды артық ұстамаймын. Жайдан-жай ашуланып, айғайлап, кемсіте салады. Әбден қалжырап біттім. Жанжал шығып кетпесін деп үндемей, қоя саламын. Маньяк сияқты жақсы көреді, бұл махаббат емес", - дейді Салтанат. 

"Сұмдық қой, жаным", - дейді Ахмедина. 

"Мен оның айтқандарын 24/ 7 істеуім керек. Қарсы шықсам жанжал басталады. Күн сайын жанжал. Алматыда заттарымды жинап, кеткім келген кезде шашымды жұлып алды. Мұндай жағдай бірнеше рет болды. Шашымды жұлып, айғайлайды", - дейді Салтанат.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x