Су тасқыны: тілсіз жаудан 7 адам көз жұмды

Азамат Қойшығара 18 сәу. 2024 16:01 2467

Бұл деректі Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спикердің дерегінше, елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмды.

«Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қаза тапты. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу жүріп жатыр», - деді Марат Қожаев.

Ол Абай облысы Аягөз ауданында трактордың үстіне мініп отырған, өкінішке қарай, қаза тапқан екі адамның өлімін де су тасқыны кезінде қаза тапқандар қатарына қосты.

«Оларды да су тасқынының құрбандары қатарына қосу керек. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шешім дайындап жатыр», - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x