Түркістан облысында балабақша қызметкері балаларды еден жуғышпен ұрған

Қаракөз Амантай 30 сәу. 2024 10:06 10588

Түркістан облысы балабақшаларындағы қауіпсіздік тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz 24 kz-ке сілтеп.

Келес ауданының прокурорлары мектепке дейінгі мекемелердегі бақылау камераларының жазбаларын зерттеп, қылмыстық іс қозғауға себеп болған бұзушылықтарды анықтады.

Төрт балабақшада қызметкерлер балаларға күш көрсеткен. Бейнекадрларда әйелдің балаларды еден жуғышпен ұрғанын көруге болады. Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері балалардың қалай тамақтанатынын және қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын тексереді. Мамандардың айтуынша, тұрақты қадағалау нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

"Біз мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құқықтарын сақтау үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Қазір 97 балабақшаның алтауы ғана тексерілді. Біз тексеруді 20 күннен кейін аяқтаймыз", - деді Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар