Үкімет “Назарбаев Университетінің” президентін қаржы ұйымдары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамынан шығарды

Қаракөз Амантай 02 мам. 2024 12:40 2469

Министрлер кабинеті Назарбаев Университетінің президентін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамынан шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы” Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Көрсетілген бұйрыққа сәкес қосымшада: Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында: “Назарбаев Университеті” дербес білім беру ұйымының президенті” деген жол (келісім бойынша); “алынып тасталды”, - делінген үкімет қаулысында.

Қазір университет президентінің міндетін АҚШ-тан келген Илесанми Адесида атқарады.

Сонымен қатар министрлер кабинеті мынадай шешім қабылдады:

- “Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Төрағаның орынбасары” деген жол мынадай өңдеу нұсқасымен жазылсын: “ Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары”;

- "Қазақстан Республикасы премьер-министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi" деген жол алып тасталсын;

- “Қазақстан Республикасының Әділет министрі” деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы “Қазақстан Республикасының қаржы министрі”жолмен толықтырылсын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар