Алматыда жүргізушінің жүрегі тоқтап, салдарынан ірі жол апаты болды

Көркем Алдабергенова 05 февр. 2026 16:21

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz ZTB-ға сілтеме жасап. 

Апат сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында, «Нұр-Мүбарак» мешіті маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, BYD таксиін басқарған жүргізушінің қозғалыс кезінде жүрегі кенеттен тоқтап, көлік басқарудан шығып кеткен. Нәтижесінде такси Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf жеңіл көліктеріне және №127 бағыттағы қалалық автобусқа соқтығысқан.

Такси жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Қалалық полиция департаменті жол апатына жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болғанын мәлімдеді.

 
 

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove