Шахтинскіде газ жарылысы болды: бірнеше адам зардап шекті

Қаракөз Амантай 23 мар. 2026 09:22

Шахтинск қаласында тұрмыстық газ баллоны жарылып, салдарынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, жарылыстан кейін үй ішіндегі жиһаз бен тұрмыстық заттар отқа оранған. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті жедел сөндіруге кіріскен.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті. Олардың бесеуі – полиция қызметкерлері. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрады. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove