Жүлде қоры 25 млн теңге: ЖИ бойынша байқауға өтінім қабылдау басталды

Қаракөз Амантай 06 февр. 2026 10:49

Қазақстанда alem.ai battle ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Байқауда жасанды интеллект саласындағы үздік жобаларға 25 млн теңге жүлде қоры қарастырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өтінім қабылдау 22 ақпанға дейін жалғасады. Байқауға еліміздің барлық өңірінен мектеп оқушылары, студенттер, стартаптар мен зерттеушілер қатыса алады.

Өтінімдер төрт негізгі санат бойынша қабылданады:

AI Young Talents – 12–18 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Қатысу үшін жобаның кемінде MVP деңгейіндегі (ең аз функциялары бар тестілік нұсқа) жұмыс істейтін үлгісі болуы қажет.

AI Driving Power – колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері. Қатысушыларда MVP деңгейіндегі ИИ жобасы болуы тиіс.

AI Future Builders – ИИ өнімі немесе прототипі/MVP бар командалар. Жобаның нарықта сұранысқа ие екенін дәлелдейтін нақты көрсеткіштері, соның ішінде ақылы пилоттық жобалар мен сатылымдар болуы керек.

AI Innovators – ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге негізделген, құрамында жасанды интеллект элементтері бар жобалар ұсынатын командалар.

Байқау қорытындысы бойынша Астанада өтетін финалға 20 үздік команда жолдама алады. Сарапшылар алқасы әр санаттан бір жеңімпазды анықтайды.

Толық ақпарат пен өтінім беру astanahub.com сайтында қолжетімді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove