Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ел аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон әсер етеді, соған байланысты жауын-шашын жауады. 5-6 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болып, тұман түседі.
"Оңтүстік-батыс ауа массаларына байланысты күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, оңтүстікте 8-17 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5-15 градус жылыға дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.
7 ақпанға қарай солтүстік-батыстан суық ауа массалары еніп, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.
