AGROMASH зауыты қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған арнайы бағдарламасын іске қосты

Жарбол Кентұлы 19 сәу. 2024 12:14 1588

Отандық ауылшаруашылық техникасын өндіруші «AGROMASH» зауыты шығынды өз мойнына алып, қазақстандық фермерлерді қолдау мақсатында бағаны төмендетуге шешім қабылдады. Компания былай деп түйіндеді: «Біз бір елде тұрамыз және жұмыс істейміз, егер біз өндірушілер осындай қиын уақытта көмек көрсетпесек кім көмектеседі».

Ауыл шаруашылығындағы өткен қиын маусым мен биылғы су тасқынының салдары егіс науқаны қарсаңында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жағдайын қиындатып отыр. Өндірушілер атап өткендей, олардың алдында тұрған маңызды міндет – Қазақстанда жасалған сенімді және қолжетімді техниканы ұсыну арқылы фермерлерге соңғы жылдардағы қиындықтарды жеңуге көмектесу.

– Бүгінгі таңда көптеген шаруашылықтар су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған қазақстандық фермерлерге барынша көмектесу маңызды екенін түсінеміз. Табиғат апатынан гөрі халықтың бірлігі әлдеқайда күшті. Біз отандық өндіруші ретінде шетте қала алмаймыз, сондықтан компанияның серіктес бренд иелері «Гомсельмаш» ААҚ және «Weichai Lovol Intelligent Agricultural Technology Co., Ltd» бірге шығындардың бір бөлігін алып, техника бағасын төмендету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, осы шешімге байланысты біздің зауыт биыл инвестициялық шығындарды қысқартып отыр, – деді коммерциялық директор Николай Пархоменко.

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының қолдауымен фермерлер үшін қиын кезеңде зауыт ESSIL және LOVOL комбайндарының бағасын 15%-ға төмендетеді.

Бағдарлама 19 сәуірде басталады. Барлық сұрақтар бойынша Қазақстанның ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз аймақтарындағы AGROMASH зауытының филиалдары мен «ҚазАгроҚаржы» компаниясына хабарласа алады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x