«Дөкей келе жатыр»: ШҚО драма театрында премьера

Dalanews 26 нау. 2024 08:02 2344

 

Наурыз айының соңында елімізге белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың жаңа қойылымы көрермендер назарына ұсынылады, деп хабарлайды Dalanews.kz didar-gazeti.kz ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры режиссерді аттай қалап шақыртқан.

Қазір театрда Сафуан Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр»  комедиялық  спектакліне қызу дайындық жүріп жатыр.

Адамды күлдіру, жай ғана күлдіріп қоймай, сол арқылы шындықты жеткізе білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Режиссердің айтуынша, қойылым әдемі әзілмен, қазақы қалжыңмен өріліп жазылған. Театр актерлері әр кейіпкердің мінез-құлқын, болмысын ашу үшін барын салып жатыр

 

– Сафуан  Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» атты драмасы  кеңестік заманда жазылған шығарма. Сондықтан біз оны бүгінгі заманға лайықтап, ән-бимен әрледік. Ондағы ойымыз – ауылдағы ақкөңіл, кең жүректі қазақты көрсету. Спектакль арқылы халыққа жақсы бір көңіл күй сыйлау, – деді  Жұлдызбек Жұманбай.

 

Биылғы 30 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қазақтың аса көрнекті жазушыларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» комедиясы көрермен назарына ұсынылады. Айта кетейік, бұл «Болашақ» бағдарламасымен білім алған режиссердің облыстық драма театрындағы алғашқы қойылымы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x