Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов өзіне тағылып отырған айыптауларға алғаш рет жария түрде жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сайлыбаеваның күйеуі қылмысқа қатысы жоғын айтып, өзіне жала жабылғанын жеткізді.
Сонымен қатар, 112 жобасының мәліметінше, анасы мен ұлы Донцовтар қазіргі уақытта Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүр. 2 ақпанда олар Мәскеу қаласының Тергеу комитетінде түсініктеме берген.
Алайда Айгүл Сайлыбаеваның енесі – Наталья Донцова тергеушімен сөйлесуден бас тартып, Ресей Федерациясы Конституциясының 51-бабына сүйенген.
Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаеваның өлімі бірнеше елде үлкен қоғамдық резонанс тудырған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
