Жағаұстатар жағдай: СҚО-да оқушы мектеп дәретханасында сірке суын ішіп қойған

Сағыныш Сардарова 05 ақп. 2026 15:05

Солтүстік Қазақстан облысында оқушы мектепте сірке суын ішіп, ауыр хәлге түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушысы мектеп дәретханасында сірке суын ішіп қойған, оқиға Айыртау ауданындағы орта мектептердің бірінде болған.

Алдын ала мәліметке сай 16 жастағы оқушы сабақ үстінде дәретханаға сұранып шыққан. Біраз уақыттан кейін оны мектеп қызметкерлері тауып алған.

Жасөспірім ауыр жағдайда ТЖМ тікұшағымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove