Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де жер сілкінісі тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі былай сезілген:
- Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 3 балл, 63 шақырым;
- Жетісу облысы Текелі қаласы - 3 балл, 74 шақырым;
- Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 3 балл, 79 шақырым;
- Жетісу облысы Сарқанд ауданы Сарқанд қаласы - 3 балл, 84 шақырым;
- Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 2 балл, 95 шақырым;
- Жетісу облысы Талдықорған қаласы - 2 балл, 109 шақырым;
- Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық-Би ауылы - 2 балл, 117 шақырым;
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы - 2 балл, 129 шақырым;
- Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы - 2 балл, 139 шақырым;
- Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы - 2 балл, 147 шақырым;
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылы - 2 балл, 151 шақырым;
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы - 2 балл, 158 шақырым;
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 2 балл, 165 шақырым.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
