Kaspi.kz өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін:  шот ашып, төлем қабылдаңыз

Ақтоты Жапатова 04 ақп. 2026 15:16

Егер ЖК-сіз және қызметкерсіз өзіңізге жұмыс істесеңіз — жөндеу, оқыту, тұрғын үйді жалға беру, жаттығу, суретке түсіру сияқты жұмыстармен айналыссаңыз немесе басқа да жеке қызметті көрсетсеңіз, онда Kaspi.kz қосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған сервистер – сіз үшін:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушының шотын 1 минутта онлайн тегін ашу
  • kz қосымшасында төлем қабылдау және чекті автоматты түрде жасау
  • Аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеуге дайындау

Kaspi.kz суперқосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шот заңнаманың талаптарын сақтауға және жеке қызметтер мен жеке аударымнан түсетін кірісті ажыратуға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жаңа арнайы салық режимі (АСР) қызметкерлерсіз өзіне жұмыс істейтін, 40 қызмет түрі бойынша айына 300 АЕК-ке (1 297 500 теңге) дейін табыс табатындарға арналған.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Мемлекеттік органдармен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа ыңғайлы сервистерді іске қостық. Өздеріне жұмыс істейтін біздің сүйікті клиенттеріміз тура үздік Kaspi.kz қосымшасында шотты тегін ашып, төлемді Kaspi QR-мен немесе қашықтан қабылдай алады. Чектер автоматты түрде жасалады, бір айдың қорытындысы бойынша аударымдар мен жарналардың сомасы есептеледі. Ынтымақтаса жұмыс істегені үшін мемлекеттік органдарға және бізбен бірге болғаны үшін әр клиентіміз бен серіктесімізге алғысымызды білдіреміз!»

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов:

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін енгізу – бұл өздеріне жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудағы маңызды қадам. Жаңа режим айына 300 АЕК-ке дейінгі табыс алған кезде ЖТС-ны төлемей-ақ, тек 4% әлеуметтік төлемдерді төлеп, қызметті заңды түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет көлеңкелі экономикадан шығу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту үшін қолайлы жағдай жасайды».

Kaspi.kz-те өзін-өзі жұмыспен қамтушының шотын ашып, бүгіннен бастап төлемді қолайлы шарттармен қабылдаңыз:

  • Шот ашу және қызмет көрсету: тегін
  • Kaspi Бонус: өзін-өзі жұмыспен қамту шыға 4-ші айдан бастап төлем сомасының 1%
  • Төлемді қабылдағаны үшін комиссия:4-ші айданбастап 0,95%.

Жаңа сервис пен жұмыс істеу шарттары туралы толық ақпарат Kaspi Гидте көрсетілген.  

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove