Мұғалімдерді Конституцияның жаңа жобасын қинап қолдатып жатқаны рас па?

Көркем Алдабергенова 04 ақп. 2026 12:35

Депутат Ермұрат Бапи мұғалімдерді Конституцияның жаңа жобасын қолдап, саяси науқанға тартып жатыр деген әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде мұғалімдердің атынан "мен Конституцияны қолдаймын" деген сарындағы жазбалап қаптап кеткен болатын. 

"Мұғалімдер - ұлттың интеллегенциясы. Оларды саяси науқанға тарту билік тарапынан күштеп, зорлықпен жасалып жатыр деп түсінбеу керек. Әрине ондай ұсыныстар болуы мүмкін. Бірақ мұғалімдер қоғамдағы зиялы қауымдастық. Сондықтан олардың елдегі өзгеріске пікір айтып, араласуы дұрыс деп ойлаймын, - дейді депутат. 

Депутат әр мұғалімнің конституциялық құқығы барын атап өтті. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove