Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

Dalanews 26 қаң. 2024 03:55 2369

Қазақ тілі атақты Оксфорд университетінде оқытылады. Бұл сүйінші хабарды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің сөзінше, Лондонға сапары аясында табысты жетістіктерге қол жеткізген.

"Тек бұл ғана емес, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған делегациямен бірге әлемдегі ең беделді ЖОО-на арнайы барудың реті келді. Нақтырақ айтар болсам, әлемдегі бірегей ЖОО саналатын Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатынын сүйіншілеп айтқым келеді", - деп жазды ол.


Сонымен қатар, Саясат Нұрбек жас дарын Санжар Тайжанмен кездескен.

"Осы сапар аясында мен Қазақстандық Илон Маск, жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездестім. Санжарды мен ертеректен жақсы білемін. Естеріңізде болса, Tesla ұйымдастырған Not-A-Boring Competition турниріне қатысқан қазақ жігіті Санжар Тайжан мен оның командасы ұсынған бұрғы машинасы Илон Масктың назарына іліккен болатын. Міне осындай жас ғалыммен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түскеніне мен ерекше қуаныштымын", - дейді министр.

Сурет: qazaqtv.com

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар