Павлодар облысында масамен күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек

Қаракөз Амантай 05 ақп. 2026 09:59

Павлодар облысында маса мен басқа да қан сорғыш жәндіктерге қарсы күреске 13,6 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Protenge мәліметінше, бұл қаражат өңір аумағында дезинсекция, дезинфекция және дератизация жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Яғни мамандар жаз маусымында тұрғындарды әбігерге салатын жәндіктердің санын азайтуды көздеп отыр.

Алайда осы мақсаттағы алғашқы мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпей қалған. Енді алдағы уақытта жаңа конкурс жарияланып, мердігер қайта таңдалмақ. Қомақты қаржы бөлінетіндіктен, бұл процеске қоғам назар аударып отыр. Тұрғындар қаражат тиімді жұмсалып, жаз мезгілінде маса мәселесі нақты шешімін табады деп үміттенеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove