Қанат Бозымбаев өңірлерге су тасқынына дайындықты 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

Көркем Алдабергенова 04 ақп. 2026 16:17

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында ол су шаруашылығы нысандарының, жолдар мен көпірлердің, сондай-ақ әрекет ету күштері мен құралдарының дайындық деңгейін тексерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар, вице-премьер «Talsim» жүйесінің болжамды деректерімен және «Tasqyn» жүйесіндегі су тасқыны жағдайын модельдеу нәтижелерімен танысты.

Кеңес барысында қауіп деңгейі жоғары аймақтарға жатқызылған өңірлердің есептері де тыңдалды.

Ресми мәліметке сәйкес, өңірлерде су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстардың едәуір бөлігі атқарылған. Атап айтқанда, 831 шақырым қорғаныс бөгеті мен үйінділер салынған, 1 мың шақырымнан астам дренаж жүйесі, каналдар мен арықтар жөнделіп, қайта салынған.

Сондай-ақ автомобиль және теміржол учаскелерінде 934 су өткізу құрылысы орнатылып немесе ауыстырылған. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында көпірлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қанат Бозымбаев өңір әкімдіктеріне су тасқынына дайындықты 2026 жылғы 1 наурызға дейін толық аяқтауды тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove