Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте төмендеді

Көркем Алдабергенова 31 жел. 2025 11:49

Speedtest Global Index қараша айындағы интернет жылдамдығына қатысты әлемдік рейтингті жариялады. Нәтижеге сәйкес, мобильді интернет сапасы бойынша Қазақстан бір саты төмендеп, 46-орынға жайғасты. Елдегі мобильді интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы 93,07 Мбит/с деңгейінде тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Жапония бұл көрсеткіш бойынша 62-орында тұр – 65,14 Мбит/с.

Мобильді интернет жылдамдығы ең жоғары елдер:

  • Біріккен Араб Әмірліктері – 672,68 Мбит/с

  • Катар – 542,56 Мбит/с

  • Кувейт – 398,66 Мбит/с

Ал ең төменгі көрсеткіш Боливияда тіркелген – 14,35 Мбит/с.

Тіркелген кеңжолақты интернет (fixed broadband) жылдамдығы рейтингі бойынша да Қазақстанның позициясы әлсіреді. Бұл санатта ел 91-орынға түсіп, орташа жылдамдық 83,5 Мбит/с болды. Ал Жапония 23-орында орналасып, 229,84 Мбит/с нәтижесін көрсетті.

Қалалар арасындағы мобильді интернет жылдамдығы рейтингі:

  • Алматы – 63-орын (127,79 Мбит/с)

  • Астана – 67-орын (125,58 Мбит/с)

Салыстыру үшін, Токио бұл тізімде 90-орынға ғана тұрақтаған (80,44 Мбит/с).

Айта кетейік, 2025 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мобильді интернет сапасы рейтингінде 45-орында болған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove