Қазақстаннан қашпақ болған сәтінде ұсталған шенеунікті қамау мерзімі тағы ұзартылды

Қаракөз Амантай 28 ақп. 2024 16:23 11504

Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстауды тағы бір айға ұзарту туралы сот санкциясы шықты, деп хабаралайды Dalanews.kz.

"2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген Kazinform жолдаған сауал жауабында.

Сондай-ақ, қалалық соттан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.

Еске салайық, экс-шенеунікті былтыр қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған еді. Ал желтоқсанда оны күзетпен ұстау мерзімі 21 қаңтарға дейін ұзарды. Бұл жолы тағы да ұзарып отыр.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Марат Бекетаев Қазақстаннан қашпақ болған сәтінде ұсталғанын айтқан еді. Ал Антикордың мәліметінше, Бекетаев үлестес компаниялардың мүддесін қорғаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар