Қонаев қаласында Еріктілер аллеясы ашылды

Жарбол Кентұлы 23 сәу. 2024 16:38 899

Қонаев қаласындағы Қапшағай суқоймасы жағалауында «Еріктілер аллеясының» салтанатты ашылуы өтті. Бұл шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық бастамасының бірі.

Аллея құру идеясын Алматы облысының еріктілер ұйымы ұсынды, осылайша игі бастамаға барлық қатысушылардың күш-жігерін біріктіруді қалайды.

Іс-шараға 15 еріктілер ұйымның өкілдері, сондай-ақ жас экологиялық белсенділер мен студенттер қатысты. Шара аясында жаңғыру мен жарқын болашаққа деген үміттің символына айналған 200-ден астам жас ағаштар отырғызылды.

Акцияның басты мақсаты – облыстың волонтерлік күш-жігерін біріктіру ғана емес, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыруға үлес қосу. Ұйымдастырушылар жыл өткен сайын қатысушылар мен егілген көшеттердің санының арта түсетініне сенім білдірді. Жобаға қатысушы ұйымдар мен еріктілердің аты-жөні жазылған ақпараттық белгілерді орнату, отырғызылған ағаштарды тұрақты күтіп ұстауға себеп болмақ.

Айта кетерлігі, су тасқынының қиын-қыстау кезеңдерінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі еріктілер, зардап шеккен өңірлерге баға жетпес көмек көрсетті. Атап айтқанда, Алматы облысының еріктілері «Күшіміз бірлікте» гуманитарлық көмек жинау штабының жұмысын ұйымдастырды, оның аясында 500-ден астам ерікті 250 тоннадан астам көмекті жеткізуге көмектесті.

Қапшағай жағалауында өткен шара тек экологиялық бастаманың символы ғана емес, еріктілердің тынымсыз еңбегі мен ортақ іске деген адалдығы үшін зор алғыстың көрінісі болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x