Құлыбаев тағы бір құнды активінен айырылып қалды

Dalanews 24 қаң. 2024 05:28 2433

Тимур Құлыбаевтың компаниясы ҚазҰУ-дың жерін қайтаруға міндеттелді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

bes.media мәліметінше, Алматы соты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер учаскесі туралы дауда қаланың Жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қолдады. Сот университеттің бірнеше аумағына қатысты шешім шығарды.

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті мынадай талаптар қойды:

  • Алматы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №№ 1/1-163; 2020 жылғы 8 шілдедегі 3/226-353, 2021 жылғы 28 қазандағы 4/494-950 қаулыларын жарамсыз деп тану.

  • Жер учаскелеріне құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою.


Жауапкерлер: Алматы әкімі аппараты; қаланың жер қатынастары басқармасы; "Omirex" ЖШС; "Atlas Development" ЖШС; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ал "Atlas Development" ЖШС және "Omirex" ЖШС құрылтайшысы – Қазақстанның экс-президентінің күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаев.


Сот талапкердің Алматы әкімдігінің қаулыларын жарамсыз деп тану және құқықтық кадастрдағы тиісті жазбалардың күшін жою туралы талабын қанағаттандырды.

Әкімдік өкілдері сотта даулы қаулылар жер комиссиясының шешіміне сәйкес шығарылғанын айтып, талап-арызбен келіспеді. "Atlas Development" ЖШС өкілі соттан талап қою мерзімі мен жер учаскелерін бөлу заңды болғанын айтып, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. ҚазҰУ өкілі талап-арызбен келісті. Прокурор талап-арызды толық көлемде қанағаттандыруды сұрады.

Бұл жерлер Алматы әкімі Бауыржан Байбек болып тұрған (2015 жылдан 2019 жылға дейін қала басшысы болған) кезеңде берілген. Сол кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жері әкімдік қаулысымен "Omirex" ЖШС меншігіне өтіп кеткен.


 

https://dalanews.kz/del-qazir/98259-bildey-deputattar-tarikh-pen-matemati

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар