Ресейде теракт жасамақ болған екі қазақстандықтың көзі жойылды

Көркем Алдабергенова 09 нау. 2024 11:26 36272

Ресейде екі қазақстандық теракт ұйымдастырмақ болған. Екеуі де мерт болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

ҰҚК бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы барын және Ресейге шыққандығын растады.

Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. 

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x