Шымкент бөлімшесіне қарасты Арыс–Түркістан учаскесінде жолаушылар пойызы теміржолда жүрген адамға соғылып, оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, №77 жолаушылар пойызы Көстуин станциясы маңында теміржол бойында адамның болуы себепті шұғыл тежеу қолданған. Соның салдарынан пойыз «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымына қарасты әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерін қағып кеткен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта құзырлы органдардан аталған жағдайға қатысты ресми ақпарат сұратылды.
