Былтыр 68-ден аса трансплантация жасалған

Көркем Алдабергенова 05 февр. 2026 10:21

2025 жылы өмірлік маңызды ағзаларды 68-ден астам трансплантаттау жүргізілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бір жылдың ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізілді, бұл өмірлік маңызды ағзаларды 68 трансплантаттауға мүмкіндік берді. Бұл ретте 184 әлеуетті донор анықталды, жүйе жұмыс істейді, бірақ қоғамның сенімі мен хабардарлығы мәселесі шешуші болып қала береді.

Бүгінгі таңда күту парағында балаларды қосқанда 4506 пациент бар. Тек 2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам трансплантаттауды күте алмай, көз жұмды.

Жыл ішінде кадрларды даярлау күшейтілді: трансплантаттауды үйлестіру бойынша сертификаттау курсы енгізілді (168 маман), 42 дәрігер шетелде оқудан өтті.

Медициналық көмек стандарттары жаңартылды, заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove