Діни «никах» заңнан биік емес

Самал Асқар 04 февр. 2026 15:10

Неке АХАЖ-да тіркелмей қиылған «никах» үшін дін қызметкерлерін 5–8 жылға дейін бас бостандығынан айыру керек, мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты,, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, ресми некесіз діни рәсімдер әйелдердің конституциялық құқықтарын өрескел бұзып отыр.

«Мен бұл мәселені бұрын да көтергенмін. Әйелдердің заңды некеге тұру құқығын таптап отырған діни қызметкерлер жауапкершіліктен тыс қалмауы керек. Конституция қабылданғаннан кейін мен олардың қылмыстық жауапкершілігін күшейтуді ұсынамын», – деді Әбенов Мәжіліс кулуарында.

Депутаттың айтуынша, никах атын жамылған мұндай қатынастардың салдары ауыр.

«Қыздар өзін заңды некеде жүргендей сезінеді, бірақ шын мәнінде құқықсыз қалады. Балалар дүниеге келеді, олар да әлеуметтік және құқықтық тұрғыда қорғалмаған», – деді ол.

Әбенов АХАЖ-да тіркелмеген некені «орташа ауыр қылмыс» деп бағалап, оған сәйкес жаза да қатал болуы тиіс екенін айтты.

«Ең кемі 5–8 жыл. Бұл әйел мен баланың тағдырына жауапсыз қарағаны үшін», – деді депутат.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove