Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұл жеңілдігін алып тастау ұсынылды

Қаракөз Амантай 06 февр. 2026 16:48

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұл жеңілдігін алып тастау ұсынылды. Мұндай бастаманы сенатор Марат Қожаев қайта көтерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, жүргізушілер айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, оның 50 пайызын ғана өтеуге мүмкіндік бар. Сенатор бұл жеңілдікті бір жыл ішінде біртектес құқықбұзушылықты 10 реттен көп жасаған азаматтарға қолданбауды ұсынды.

Оның айтуынша, мұндай жүргізушілер 10-шы құқықбұзушылықтан кейінгі айыппұлдарды толық көлемде төлеуі тиіс.

Сенатор бұл бастаманы алғаш рет 2025 жылы көтергенін еске салды. Сол кезде бір жүргізушінің бір жыл ішінде камералар арқылы 143 рет жол ережесін бұзғаны тіркеліп, ол 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлегені мысалға келтірілген. Үкімет бұл ұсынысты қарастырып, қолдаған.

Депутаттың айтуынша, тиісті өзгерістер әкімшілік заңнамаға енгізілетін келесі түзетулер пакеті аясында ұсынылуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove