Илон Маск байлығы 800 млрд доллардан асқан алғашқы адам атанды

Көркем Алдабергенова 04 февр. 2026 14:09

Кәсіпкер Илон Маск байлығы 800 млрд доллардан асқан әлемдегі алғашқы адам атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Маск капиталының күрт өсуі оның ғарыштық SpaceX компаниясының өзіне тиесілі, жасанды интеллект пен әлеуметтік желілер саласында жұмыс істейтін xAI компаниясын сатып алуымен байланысты.

Forbes бағалауынша, нәтижесінде құны 1,25 трлн доллар болатын біріккен компания құрылған. Бұл мәміле Илон Масктің жеке байлығын бірден 84 млрд долларға арттырып, оны 852 млрд доллар деңгейіне жеткізген.

Басылым бұл көрсеткіштің әлемдік миллиардерлер тарихындағы рекордтық деңгей екенін атап өтеді.

Еске салайық, Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін xAI фирмасын сатып алғаны хабарланған еді. Айта кетейік, екі компанияның да негізін қалаған Илон Масктың өзі. 

Компанияның мәлімдеуінше, бұл бірігу ғарыш пен заманауи технологияларды бір жүйеге топтастыруға мүмкіндік береді. Яғни зымырандар, спутниктік байланыс, жасанды интеллект әзірлемелері және деректерді өңдеуге арналған инфрақұрылым бір тізбекке біріктіріледі.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove