Әлеуметтік желіде Көк-Төбеге көтерілу бағасына қатысты сын көбейді, деп хабарлайды Dala News.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын Facebook-тегі жазбасында арқан жол құнының қымбаттағанын айтып, бұл жағдайдың қарапайым тұрғындарға қолайсыз екенін жеткізді.
Оның айтуынша, бір адамға барып-келу бағасы 10 мың теңгеге жеткен, ал балаларға 5 мың теңге. Отбасымен демалуға шыққанда шығын көлемі айтарлықтай өседі.
«Алтауымызға тек Көк-Төбеге шығып-түсуге 45 мың теңге есептеді. Тамақ пен басқа шығындарды қоссақ, жүз мың теңгеден асады», – деді ол.
Сондай-ақ ол Көк-Төбеге көлікпен кіру құнының да жоғары екенін атап өтті.
Нұрақынның пікірінше, мұндай баға саясаты ішкі туризмнің дамуына кері әсер етуі мүмкін.
