Атырауда Наурыз мейрамын тойлау кезінде Исатай–Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Абырой болғанда, олардың барлығы аман-есен табылып, отбасыларына қайтарылды. Балалардың басым бөлігі бір сағаттың ішінде табылған.
Алайда бір жасөспірімді іздеуге шамамен үш сағат уақыт кеткен. Тағы бір жағдайда 7 жастағы бала ата-анасынан адасып, өзі анасының жұмыс орнына қарай бет алған. Оны бейнебақылау камералары арқылы анықтап, анасына табыстаған.
