Азаматтыққа тестілеуге өтінім 3 ақпанда басталады

Самал Асқар 12 қаң. 2026 15:16

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтінім қабылдау 3–10 ақпан аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Өтінімді Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады. Ал тестілеудің өзі 11 ақпанда өтеді.
 
Емтихан үш бөлімнен тұрады:
•қазақ тілі – 30 сұрақ, өту балы – 15;
•Қазақстан Республикасының Конституция негіздері – 40 сұрақ, өту балы – 20;
•Қазақстан тарихы – 30 сұрақ, өту балы – 15.
 
Жалпы ең жоғары балл – 100, ал ең төменгі өту шегі – 50 балл.
 
Тестілеуге берілетін уақыт – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша 30 минут қарастырылған.
 
Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге. Дайындық үшін ақылы сынақ тесті app.testcenter.kz сайтындағы «Пробное тестирование» бөлімінде қолжетімді, оның бағасы – 3355 теңге.
 
Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтыққа үміткерлерге» бөлімінде жарияланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove